Пентагон Иранда Израильмен бірлескен операция басталғалы бері 365 америкалық әскери қызметшінің жараланғанын және 13 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, «Эпикалық қаһар» операциясы басталғалы бері зардап шеккендердің ішінде 247 құрлық әскері, 63 матрос, 19 теңіз жаяу әскері және 36 ұшқыш бар.
Қаза тапқан 13 адамның жетеуі ұрыс қимылдары кезінде, алтауы Кувейттегі Иранның әуе соққысынан қаза тапса, тағы бір сарбаз Сауд Арабиясында алған жарақаттарынан көз жұмды. Бұл көрсеткішке жұма күні Иран күштері атып түсірген немесе зақымдаған АҚШ әскери ұшақтары экипаж мүшелерінің кіретін-кірмейтіні әзірге белгісіз.
Еске салайық, 3 сәуірде кешке Иран әскерилері АҚШ-тың Парсы шығанағына құлаған А-10 ұшағын атып түсіргенін хабарлады. Бір апта бұрын Иран АҚШ-тың тағы бір ұшағын жойып жіберді, оның құны 500 миллион доллар еді.
