ҚР Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықов қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Руслан Жақсылықов аталған лауазымға 2022 жылы «Қаңтар оқиғасынан» кейін көп ұзамай келген еді.