ҚР Көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаев қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Марат Қарабаев бұл қызметке 2023 жылдың 3 қыркүйегінде тағайындалған еді.