2026 жылы қайда барамыз? Қазақстандағы ең ауқымды 55 іс-шараның тізімі бекітілді

Туристер енді демалысын бір жыл бұрын жоспарлай алады. Елімізде 2026 жылы өтетін басты мәдени және туристік оқиғалардың бірыңғай күнтізбесі жарияланды.

Туризм және спорт министрлігі ұсынған жаңа тізімге Қазақстанның 20 өңірін қамтитын 55 ірі іс-шара енген. Бұл құжат саяхатшыларға «қайда барсам екен?» деген сұраққа алдын ала жауап тауып, билет пен жатын орынды ертерек қамдауға мүмкіндік береді.

Күнтізбеде не бар?

Тізімде тек ресми мерекелер емес, туристерді қызықтыратын нақты оқиғалар топтастырылған:

  • Этно-фестивальдер мен ұлттық дәстүрді дәріптейтін жиындар;

  • Халықаралық және республикалық спорт жарыстары;

  • Гастрономиялық фестер (тағам туризмі);

  • Экологиялық акциялар мен шаралар.

Министрлік жобаның тағы бір маңызды тұсы – экономикалық тиімділігінде деп отыр. Іс-шаралардың басым бөлігі бюджет есебінен емес, бизнес өкілдерінің демеушілігімен және қатысуымен өтеді.

Енді әр өңірдің жаңалығын жеке іздеудің қажеті жоқ. Арнайы іске қосылған www.event.qaztourism.kz платформасы арқылы керекті іс-шараны күні, қаласы немесе бағыты бойынша бірнеше секундта тауып алуға болады.

Ұқсас ақпараттар