Қазақстандық спортшылар Бангкокта (Таиланд) өткен велоспорттан Азия Кубогында жасөспірімдер арасындағы жарыстарда бес алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК. Аружан Қабдулова жеке ізгіншілік жарысында жеңімпаз атанып, сонымен қатар ұпай жарысында бірінші орын алды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Мансұр Бралин кейринде бірінші болды. Қазақстан құрамасына тағы бір «алтынды» командалық спринтте үздік атанған Зейнолла Азаматұлы, Илья Куварин және Мансұр Бралин әкелді. Жеке спринтте бірінші орынды Илья Куварин иеленді.
Күміс медальдарды скрэтчте Аружан Қабдулова, ұпай жарысында Виталина Хоружая және жеке ізгіншілік жарысында Зейнолла Азаматұлы жеңіп алды. Қола жүлдегерлер қатарында скрэтчте Виталина Хоружая, жеке спринтте Мансұр Бралин және скрэтчте Әлихан Жүнісов болды.

