6 желтоқсан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында LEVEL UP FEST 2025 музыкалық шарасы өтеді деп хабарлайды sayasatlive.kz.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, фестиваль сахнасында Q-pop және заманауи музыка бағытындағы танымал орындаушылар өнер көрсетеді. Лайнап құрамында Ninety One тобы, Yenlik, Ghetto Dogs, Hatikoali және Bazar Jackson бар.
Шараның ерекшелігі ретінде ұйымдастырушылар «құпия хедлайнерді» атап өтті. Арнайы қонақтың есімі әзірге жарияланбаған, ол көрермендерге концерт барысында ғана белгілі болмақ.
Фестиваль бағдарламасы «digital winter show» тұжырымдамасына негізделген. Музыкалық нөмірлерден бөлек, аренада арнайы жарық эффектілері қолданылып, фотоаймақтар ұйымдастырылады деп жоспарлануда.