Қазақстандық Нұрдәулет Сейілбеков күрестен U20 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Olympic.kz хабарлауынша, Нұрдәулет Сейілбеков 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Италия өкілі Алессио Перентинді жеңді. Қазақстан құрамасы еркін күрестен әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады.
Бұған дейін Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жеңіп алса, Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі санатта үшінші орын алған болатын.

