10.12.2025

«Яндекс» 15 тамыздан бастап үш көлікті «Комфорт» санатынан шығарады

Қазақстандағы «Яндекс» сервисі 15 тамыздан бастап Chevrolet Cobalt, Changan Alsvin және Ravon R4 көліктерін «Комфорт» тарифінен алып тастайды. Бұл көліктер енді жақсы жабдықталса да, тек «Эконом» немесе «Жеткізу» санатында ғана жұмыс істей алады.

Компания жаңартылған ережелер тізімін қосымшада және ресми сайтта жариялаған. Жаңа шешім қызмет сапасына қойылатын стандарттардың өзгеруіне байланысты қабылданған.

Бұған дейін «Яндекс.Таксиге» қатысты тексеру жүргізіліп, тарифтің жасанды түрде қымбаттауы мен жүргізушілер табысының төмендеуі сияқты тәуекелдер анықталған. Осыған байланысты сервис жұмыс жүйесін қайта қарап, талаптарды нақтылай түскен.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар