Алтын биржада қымбаттады

Нью-Йорктегі Comex биржасында тамыз айындағы алтын фьючерсінің бағасы 26,36 долларға немесе 0,58%-ға өсіп, бір тройция унциясы 4446,76 долларға жетті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz «Праймға» сілтеме жасап.

Қыркүйек айындағы күміс фьючерсі 0,45%-ға қымбаттап, бір унциясы 65,287 доллар болды.

Апта басынан бері алтын 1,1%-ға қымбаттады. Металл бағасы алдыңғы үш апта қатарынан өсті.

Күміс бағасы апта басынан бері 2,8%-ға көтерілді.

Ұқсас ақпараттар