Айша Әбдімәлік Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әйелдер күресінен әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстанның әйелдер құрамасы чемпионаттағы алғашқы медалін алды. Команда қоржынына күміс жүлдені Айша Әбдімәлік салды.
Ол 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатарға есе жіберді. Аянат Мейнамбай 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін күресіп, америкалық Исла Сильваға жеңілді.
Бұған дейін Айша Әбдімәліктің U17 әлем чемпионатының финалына шыққан еді.


