Астана соты жедел медициналық жәрдем станциясының бұрынғы директорына, сондай-ақ көлік бөлімінің экс-басшысы мен бас механигіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Олар 2020-2023 жылдары санитарлық автокөлікті жөндеуге және оған қызмет көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған. Нәтижесінде жұмыс істейтін машиналардың саны 149-дан 32-ге дейін қысқарған. Жалпы зиян 700 млн теңгеден асты. Үкіммен 440 млн-нан астам теңге өндірілді, такси қызметтеріне жұмсалған тағы 300 млн-нан астам теңге азаматтық тәртіппен өндірілетін болады.
Барлық айыпталушылар кінәлі деп танылып, 9 және 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынды.

