Кабо-Верде құрамасының қорғаушысы Сидни Лопеш Кабралдың футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Аргентинаға қарсы соққан голы турнирдегі үздік гол деп танылды, деп Sayasatlive.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазіргі әлем чемпиондары қосымша уақытта айып алаңының бұрышынан қақпаның жоғарғы бұрышына соғылған осы тамаша соққыдан таң қалды», — делінген хабарламада.
Кабо-Верде құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында Испания, Уругвай және Сауд Арабиясымен тең ойнап, топта екінші орыннан шықты. 1/16 кезеңінде команда қосымша уақытта Аргентинаға жеңілді. Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентина командасын 1:0 есебімен жеңді.
Кездесудің негізгі уақыты тең аяқталды (0:0), ал екінші экстра-таймда жалғыз голды «Барселонаның» 26 жастағы шабуылшысы Ферран Торрес соқты.

