Наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған адамдарға жүргізуші куәлігі берілген

Түркістан облысында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған 89 адам жүргізуші куәлігін алған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Сарыағаш ауданы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде сот шешімімен бұл адамдардың көлік жүргізу құқығы тоқтатылды.

Прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде жауапты лауазымды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.

Айта кетері, заң бойынша психикалық немесе психоактивті заттарды қолдануға байланысты бұзылыстары бар адамдарға жүргізуші куәлігін алуға рұқсат берілмейді.

Ұқсас ақпараттар