Астанада мемлекетке 79 млн теңге залал келтірген клиника басшысы сотталды

ҚМА мәліметінше, жеке клиника басшысы МӘМС-тен қаржы алу мақсатында емханаға тіркелген азаматтар санын жасанды түрде көбейткен, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бұл схемаға ол «Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» қызметкерін тартқан.

«Ол қызметтік қолжетімділігін пайдаланып, жалған өтінімдерді заңсыз мақұлдап отырған. Нәтижесінде қолданыстағы ережелер бойынша мұндай тәсіл тек жекелеген санаттағы азаматтарға ғана қолданылатынына қарамастан, 15 мыңнан астам адам жазбаша өтініштер негізінде емханаға тіркелген», — делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ клиника басшысы «Damu Med»-тегі медицина қызметкерлерінің есептік жазбасын бақылауға алған.

Осылайша азаматтарға медициналық қызмет көрсетілгені туралы жалған мәлімет енгізіп, Қордан қаржы алған.

Сот үкімімен клиника басшысы 5 жылға, ал орталық қызметкері 3 жылға сотталды.

Ұқсас ақпараттар