2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалдық кезеңі аяқталып, жартылай финалға шыққан құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Шешуші кезеңде жанкүйерлерді нағыз «алыптар айқасы» күтіп тұр:
Аргентина ұлттық құрамасы – Англия ұлттық құрамасы;
Франция ұлттық құрамасы – Испания ұлттық құрамасы.
Бұл турнирдің басты ерекшелігі – әлем чемпионаттары тарихында алғаш рет жартылай финалға ФИФА рейтингіндегі дәл алғашқы төрттікке кіретін құрамалардың түгел шығуы:
Аргентина – 1-орын
Испания – 2-орын
Франция – 3-орын
Англия – 4-орын.
Әдетте әлем чемпионаттарында сенсациялар жиі болып, фавориттер ерте кезеңде жарыстан шығып қалып жатады. Өткен турнирлерде рейтингте төмен тұрған командалар жартылай финалға жетіп, әлемді таңғалдырған. Бұл жолы ең мықты құрамалар өз деңгейін толық дәлелдеп отыр.
ӘЧ-2026 тек тартысты ойындарымен ғана емес, тарихи нәтижесімен де есте қалғалы тұр.


