Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің қатарына енді

Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің ТОП-10 қатарына кірді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz

Sportico басылымының рейтингіне сәйкес, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылы жалпы 16,3 млн АҚШ доллары табыс тауып, әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің ондығына енді.

Оның ішінде 11,3 млн доллары турнирлердегі жүлдеақыдан, ал 5 млн доллары демеушілік келісімшарттардан түскен.

Рейтингтің көшін 62,9 млн доллармен Карлос Алькарас бастап тұр. Екінші орынға 59 млн доллармен Янник Синнер жайғасса, үздік үштікті 40,3 млн доллармен Коко Гауфф түйіндеді.

Ұқсас ақпараттар