Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды тағы 6 айға ұзартпақ. Тиісті бұйрық жобасын Энергетика министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Тыйым 2026 жылғы 22 қарашадан бастап 2027 жылғы 22 мамырға дейінгі аралықты қамтиды. Шектеулер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге жеткізілетін өнімдерге де қолданылады.
Бірақ шектеулер гуманитарлық көмек ретінде жеткізілетін жүктерге, сондай-ақ Үкіметттің шешімімен жүзеге асырылатын мұнай өнімдерінің экспортына әсер етпейді.
Бұйрық жобасын талқылау «Ашық» порталында 21 шілдеге дейін жалғасады.
Айта кетейік, бүгінде шетелдік ірі жүк көліктері мен жеңіл машиналардың Қазақстанға кіруіне шектеу қойылды.


