Аргентина Египетті жеңіп, ширек финалға шықты: Месси есепті теңестірді

Аргентина құрамасы ширек финал жолдамасы сарапқа салынған матчта Египеттен үлкен қиындықпен басым түсті. Кездесу 3:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Матчтың басым бөлігінде есепте Египет құрамасы алда болды. Олар екі гол соқты, ал 59-минутта енгізген тағы бір голын төреші есепке алмады.

Аргентина ойын соңына қарай ғана таразы басын теңестіре алды. Команданың алғашқы голын 79-минутта Ромеро соқты. Ал 83-минутта Месси есепті теңестірді.

Жеңіс голын қосымша уақыттың үшінші минутында Энцо Фернандес соқты. Дәл осы гол Аргентинаға жеңіс пен ширек финал жолдамасын сыйлады.

Үшінші голдан кейін Египет құрамасының ойыншылары төрешінің шешіміне белсенді түрде қарсылық білдірді.

Олардың пікірінше, гол соғылар алдында ереже бұзылған. Алайда төреші голды жойған жоқ. Нәтижесінде Египет құрамасының бас бапкері мен бірнеше ойыншысы сары қағаз алды.

Ұқсас ақпараттар