Есірткіні заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты іс аяқталды

Қазақстанның екі қаласында ауқымды арнайы операция жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері сотталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Арнайы операция барысында Тараз және Алматы қалаларында полиция қызметкерлері тінту жүргізіп, жүздеген ампула мен таблетканы тәркіледі. Олардың қатарында айналымы қатаң бақылауға алынған «Трамадол», «Тропикамид», «Сомнол» және басқа да дәрілік препараттар болған.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық схеманы ұйымдастырған — Тараз қаласының 60 жастағы тұрғыны. Сот оны 17 жылға бас бостандығынан айырды, ал екі сыбайласы әрқайсысы 15 жылға сотталды.

Ұқсас ақпараттар