Президент елде eVTOL (тік көтерілу және қону мүмкіндігі бар электр әуе кемелері) негізіндегі әуе таксилерін пайдалануға және ұшқышсыз авиацияны реттеуге мүмкіндік беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Осылайша Қазақстан мұндай көлік түрлеріне арналған дамыған реттеуші базасы бар елдердің қатарына қосылды. Олардың қатарында АҚШ, ЕО, Оңтүстік Корея және Қытаймен бірге.
Сонымен қатар, мұндай көлік операторларын сертификаттау тәртібі енгізіліп, дрондардың ұшуларын цифрлық басқару жүйесі құрылды.
Бұдан бөлек, киберқауіпсіздік талаптары күшейтіліп, дрондардың тіркеу, пайдалану және сертификаттау ережелері де нақты бекітілді.


