Оқуға түсіруге уәде беріп, 28 млн теңге жымқырған адам ұсталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
2022-2023 жылдар аралығында Қазақстан азаматы интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жоғарғы сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау және жоғарғы оқу орындарына кепілді түрде түсу бойынша қызметтер көрсету туралы көрінеу жалған мәлімет таратқан.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 32 азамат жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам ақшасынан айырылды.
Кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың мамыр айында ол Албанияда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды.
Күдікті тергеу изоляторында отыр.


