Қазақстанда экономиканың өсіміне қарамастан халықтың шынайы табысы азайып, инфляция деңгейі 20 пайыздан асып кетті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Сергей Карплюк Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, бұл парадокстың себебін сұрады. Депутаттың айтуынша, ресми есептердегі әдемі цифрлар азаматтардың әмияны мен дүкендердегі бағадан көрінбей отыр.
Сенатор өз сауалында 2022 жылдың қорытындысы бойынша отандық экономика 3,2 пайызға өскенін, бұл жаһандық көрсеткіштен (3%) жоғары екенін еске салды.

