Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыру туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұл туралы Парламент кулуарында туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты.
«Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыру туралы ешқандай мәселе жоқ. Бұл мәселені кім көтергенін және не үшін талқылап жүргенін білмеймін. Бибісара Асаубаева – еліміздің патриоты», – деді Жарасбаев.
Айтуынша, қаржылық мәселелерге қатысты барлық түйткіл толық шешілді.
Министрлік Бибісараның жақын арада Астанаға келуін күтіп отыр. Елордада оған салтанатты жағдайда Тоқаев тағайындаған марапат табысталады.


