Дастан Сәтбаевтың трансферлік құны «Челсиге» ауысар алдында 500 мың еуроға өсті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Transfermarkt порталы өткен жылдың қарашасында «Қайраттың» 17 жастағы ойыншысы Дастан Сәтбаевтың нарықтық құнын 3 миллион еуро деп бағалаған еді. Биыл оның трансферлік құны 3,5 миллион еуроға дейін өсті.
Еске салайық, Сәтбаев тамыз айында 18 жасқа толғаннан кейін ағылшынның «Челси» клубының ойыншысы атанады.
2025 жылы Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасап, тарихтағы ең жас дебютант атанды. Кейін ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соғып, тағы бір рекорд жаңартты.


