Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін көптен күткен сыйақысын алды

Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін көптен күткен сыйақысын ақыры алды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Үкімет қаулысымен 2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде, Надежда Морозоваға 5 мың доллар мөлшерінде ақшалай сыйақы берілді.

Ақшалай сыйақы жүлдегер спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына да төленді.

Сондай-ақ Олимпиада жүлдегерлеріне әкімдіктер жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.

Бұған дейін Михаил Шайдоров бес ай бойы жалақы алмағанын мәлімдеген.

Бұған жауап ретінде спортты дамыту дирекциясы жаңа келісімшарт жасалмағандықтан, жалақы төленбегенін айтқан болатын.

Ұқсас ақпараттар