АҚШ-та қазақстандық терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Мұны АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі мәлімдеді. Олар Еламан Балтагерейді 5 маусымда ұстаған.
Өткен жылдың жазында АҚШ-тың иммиграциялық соты қазақстандықты елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда ол сот отырысына келмеген. Енді ол терроризмге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен қамауға алынған. Оған қоса ер адамға қатысты АҚШ-тан шығару туралы шешім күшінде тұр.


