Маңғыстауда Джеки Чанның танымал фильмінің жалғасы түсіріліп жатыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Әлемге әйгілі актер Джеки Чан түсетін «Доспехи Бога 4: Ультиматум» фильмінің алғашқы кадрлары таспаға түсірілді.
Ал Бозжыра шатқалы негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде таңдалған.
35 адамнан тұратын түсірілім тобы фильмнің бірқатар көріністерін түсірді.
Түсірілім жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланып жатыр.
Ал фильм 2027 жылдың ақпан айына прокатқа шығады.


