Астанада шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін заңсыз рәсімдеу схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Заң бойынша шетелдіктер ЖСН-ды тек Қазақстан аумағында жеке өзі келіп, міндетті биометриялық сәйкестендіруден өткен жағдайда ғана ала алады.
ҚМА мәліметінше, 2024–2025 жылдары шетел азаматтарына ЖСН-ды қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік берген заңсыз схема ұйымдастырылған. Клиенттер әлеуметтік желілердегі арналар арқылы тартылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл схемаға Астана қаласындағы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы филиалының қызметкерлері қатысқан.
Олар ХҚКО-ның ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН алуға қатысты жалған өтінімдер рәсімдеген.
Схемаға қатысушыларға ақша делдалдар арқылы беріліп отырған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.


