«Ролан Гаррос» турнирінің финалына екінші мәрте шыққан Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина тағы да жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Теннистен Франция Ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жұптық сынының финалында отандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетті.
Әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған Данилина мен Крунич турнирде екінші нөмірмен тіркелген болатын. Ал финалда олар әлемнің үздік жұбы саналатын, рейтинг көшбасшылары — чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендпен өзара бақ сынасты.

