Азиада және Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының бұрынғы басшысы Наиль Нұров ірі көлемде пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Қазіргі мәлімет бойынша, ол Астанадағы тергеу изоляторында отыр.
Наиль Нұров Қазақстандағы бірнеше ірі спорттық жобалардың ұйымдастырған. Атап айтқанда, 2011 жылғы Азиада, 2017 жылғы Қысқы Универсиада және 2024 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстарына жетекшілік еткен.
Тергеу деректеріне сәйкес, көшпенділер ойындары аясында құны 500 миллион теңгеден асатын этноауыл салу жобасы жүзеге асқан. Осы жобаға байланысты келісімдер жасалғаннан кейін мердігерлерден жалпы соманың шамамен 10 пайызы көлемінде заңсыз сыйақы талап етілуі мүмкін екені айтылып отыр. Алдын ала бағалау бойынша, алынған қаражат көлемі кемінде 40 миллион теңгені құрауы ықтимал.


