Дүниежүзілік ит көрмесінде қазақтың тазысына қызығушылық артты

Италияның Болонья қаласында «World Dog Show 2026» дүниежүзілік ит көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Бұл – халықаралық кинология саласындағы ең ірі әрі маңызды шаралардың бірі.

Биыл әлем жұртшылығының назары Қазақстан делегациясына ерекше ауды. Әлемдік кинологиялық алаңда еліміздің мәдениеті мен қазақы тазыға арналған ұлттық стенд кең көлемде таныстырылуда. Қазақстан үшін бұл көрмеге қатысудың маңызы зор. Себебі дәл осы беделді алаңда 2024 жылы Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) тарапынан алдын ала мойындалған ұлттық тұқым – қазақ тазысы таныстырылуда.

Бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшы-төрешілер бас қосатын кәсіби алаң.

Қазақстан кинологтар одағы үшін бұл халықаралық төрешілер құрамымен кәсіби деңгейде қазақ тазысы туралы негізгі мәліметті кеңінен таныстыруға үлкен мүмкіндік берді.

Ұқсас ақпараттар