Ақтауда белсенді есірткімен ұсталды деген күдікке ілінді

Мұратбай Жұмағалиев тағылған айыпты жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Желіде оның ұсталған сәтінен видео тарады. Кадрдан оның полицияға қарсылық білдіріп жатқанын көруге болады. Онда ол: «Әдейі ұстап беріп жатыр. Қалтама салып жіберді» деп айтады.

Полиция мәліметінше, ер адам рейд барысында қолға түскен. Жеке тінту кезінде одан аса ірі мөлшерде есірткі заты табылып, тәркіленген. Тіпті медициналық сараптама күдіктінің есірткі қолданғанын растаптды.

Қазір қылмыстық іс қозғалды. Белсенді уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал жаңаөзендік мұнайшылар белсендіні босатуды талап етіп отыр. Олардың айтуынша, Жұмағалиев Астанаға ем-дом алуға бара жатқан кезде ұсталған. Мұнайшылар белсендіні босатпаса жұмысқа шықпаймыз дейді.

Ұқсас ақпараттар