Жыл басынан бері театрларға 600 мыңнан астам көрермен барған

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 611 мыңнан астам көрермен барған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Осы кезеңде 197 жаңа спектакль сахналанды. Оның 146-сы отандық авторлардың шығармалары негізінде қойылса, 47-сі шетелдік драматургтердің туындары бойынша ұсынылды.

Бұл театр өнеріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді. Оның 59-ы – мемлекеттік театр. Олардың қатарында 11 республикалық және 48 өңірлік театр бар.

Ұқсас ақпараттар