Спорт министрі олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа қатысты жағдайды жеке бақылауына алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Министр 2026 жылдың ақпанына дейін спортшы алдыңғы олимпиадалық цикл бойынша келісімшартпен төлемдер алып келгенін, олимпиада аяқталғаннан кейін бұл келісімшарттың күші жойылған атап өтті.
Михаил Шайдоровқа оның олимпиада чемпионы ретіндегі мәртебесін ескере отырып, неғұрлым тиімді шарттармен келісім ұсынылған, алайда спортшы “Міндеттемелер” тармағымен келіспей, құжатқа қол қойылмаған.
Министрлік жаңа келісімшартқа қол қойылғаннан кейін мәнерлеп сырғанаушы соңғы үш айға тиесілі барлық төлемдерді толық алатынын атап өтті.
Сондай-ақ министр спортшы мен мемлекеттік құрылымдар арасында келіспеушілік бар деген болжамдарды жоққа шығарды.
«Михаил Шайдоров – біздің мақтанышымыз, Қазақстандағы ең жарқын спортшылардың бірі. Мемлекеттің мұндай спортшыны қандай да бір түрде жазалау немесе оған кедергі келтіру мақсаты болуы мүмкін емес», – деді Ербол Мырзабосынов.


