Қазақстанда алғаш рет әкімшілік амнистия болады: кімдер айыппұлдан босатылады?

Жаңа Конституцияның қабылдануына орай мемлекет басшысы қылмыстық және әкімшілік амнистия жүргізуді бастама етті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

ІІМ мәліметінше, қылмыстық амнистия 15 мыңнан астам адамды қамтуы ықтимал. Оның ішінде шамамен 1,5 мың сотталған бостандыққа шығуы мүмкін.

Сондай-ақ Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізу жоспарланып отыр.

Бұл 2026 жылғы 17 наурызға дейін салынған төленбеген айыппұлдарды кешіруді көздейді.

Терроризм, экстремизм, жемқорлық, азаптау және кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстар жасағандарға амнистия қолданылмайды.

Ұқсас ақпараттар