Қазақстанда бет-әлпетті толық жабатын киім кигені үшін 1179 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Елімізде адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін немесе оны толық жасыратын киім үлгілерін киюге қатысты талаптар заңмен реттелген. Осыған байланысты 1179 азамат әкімшілік жауапқа тартылған.
Бұл шектеу «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заңның 75-бабы 3-тармағында көзделген. Онда адамның түр-әлпетін визуалды түрде тануды қиындататын киім кию құқық бұзушылық ретінде қарастырылады.
Дегенмен, бұл талап барлық жағдайға бірдей қолданылмайды. Атап айтқанда, ауа райына байланысты бет жабу, медициналық көрсеткіштер, қызметтік міндеттерді атқару, сондай-ақ спорттық немесе мәдени іс-шараларға қатысу кезінде бұл тыйым жүрмейді.
Ал мұндай талапты бұзған азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабы бойынша шара қолданылады. Бірінші рет анықталған жағдайда ескерту беріледі, ал бір жыл ішінде қайталанса 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.


