Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қауіпсіздік, экология және инфрақұрылым сапасына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, Almaty Superski жобасының Қазақстанның туризм саласын дамытудағы маңызын атап өтті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
2024 жылы Қазақстанға 15,3 млн адам келген, ал ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 900 мың адамға көп. Мұндай көрсеткіштер туризм экономиканың нақты өсім нүктесіне және елді халықаралық деңгейде танытудың маңызды құралдарының біріне айналғанын көрсетеді.
Соңғы жылдары табиғи, экологиялық және тау туризмі ерекше қызығушылық тудыруда. Тек 2024 жылы ғана Қазақстанның ұлттық парктеріне 2,8 млн адам келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18% — ға артық.


