Ұлытау облысының прокуратурасы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында жаңа жобаны іске қосты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Осы бағытта облыс прокуратурасы «Яндекс Такси» сервисімен меморандумға қол қойып, такси қызметін құқықтық ақпарат тарату алаңы ретінде пайдалануды қолға алды.
Жобаға Жезқазған және Сәтбаев қалаларында қатынайтын 92 көлік қосылған. Мамандардың мәліметінше, бұл бастама ай сайын 100 мыңнан астам азаматты қамтуға мүмкіндік береді.
Жүргізушілерге жолаушыларға құқықтық мәселелер бойынша ақпаратты әдепті әрі ыңғайлы форматта жеткізу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, жобаның басты ерекшелігі – азаматтармен күнделікті байланыс арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.


