Астана халықаралық үстел теннисінің орталығына айналмақ

2026-2027 жылдары Астанада үстел теннисінен бірнеше ірі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Олардың қатарында Star Contender, Champions сериясындағы жарыстар және әлем чемпионаты бар. Додалар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Petra Sörling Қазақстанның мұндай жарыстарды өткізуге толық дайын екенін айтты. Ал турнир ұйымдастырушысы – Nomad Table Tennis Academy өкілдері елде үстел теннисіне қызығушылық артып келе жатқанын атап өтті.

Мамандардың пікірінше, бұл жарыстар Қазақстанның спорттық беделін күшейтіп, жас спортшылардың дамуына жаңа мүмкіндік ашады.

Ұқсас ақпараттар