Елордадағы Barys Arena спорт кешенінде 15–17 мамыр күндері Counter-Strike 2-ден халықаралық PGL Astana 2026 турнирі жалауын желбіретеді, деп хабарлайды sayasatlive.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл Астана қатарынан екінші жыл әлемдік киберспорт индустриясындағы ең ірі жарыстардың бірін қабылдағалы отыр. PGL Esports SRL ұйымдастырған доданың жүлде қоры қомақты — 1,6 млн АҚШ долларын құрайды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік деген 16 команда жиналмақ. Олардың арасында Team Spirit, G2 Esports, FURIA Esports және Heroic сияқты танымал ұжымдар бар.
Дүбірлі жарысқа Counter-Strike-тен әлем чемпиондары Дәурен Қыстаубаев пен Габриэль Толедо, сондай-ақ Даниил Голубенко, стример Слава Бустер мен белгілі жүргізуші Джеймс Бэнкс құрметті қонақ ретінде қатысады.
Айта кетейік, бұл шара министрлік бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне арнайы енгізілген.

