Павлодарда 1 келіден астам «синтетика» тәркіленді

Павлодарлық полицейлер ірі есірткі арнасын жойып, қала тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды sayasatlive.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған кезде оның жанынан саудаға дайын тұрған 60-қа жуық орама тапқан. Ал пәтерін тінту барысында синтетикалық және психотроптық заттардың қомақты партиясы шықты. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың 1,2 келі «мефедрон» екенін растады. Сонымен қатар үйінен таразы, қаптама материалдары мен қылмыстық іске қатысты өзге де айғақтар алынған.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция қызметкерлері жеткізу тізбегін және ықтимал сыбайластарды анықтау үшін жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, – деді Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Диас Қадыров.

Еске салайық, Қазақстанда есірткі заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылған. Мұндай қылмыстар үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұқсас ақпараттар