Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған апталық аясында бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді, деп хабарлайды sayasatlive.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Кітап апталығының бесінші күнінде кітапханаларда квест-ойындар, вернисаждар, зияткерлік сайыстар, шығармашылық кездесулер, поэзия кештері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұсынылады.
Атап айтқанда, Алматыда «Айқас» зияткерлік ойыны, Астанада «Кітапханадағы түнгі vibe» бағдарламасы жоспарланған. Сондай-ақ Жамбыл облысында танымдық іс-шаралар, ал Түркістан облысында ақын Асылзат Арыстанбек пен композитор Жанар Болатбекованың қатысуымен поэзия кеші өтеді.
Батыс Қазақстан облысында да балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы бағдарламалар әзірленген.
































