Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Екінші айналымда Рыбакина отандасы Юлия Путинцевамен кездесіп, оны 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық теннисші матчты екі сетте аяқтады. Енді Рыбакина жартылай финалға жолдама алу үшін канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.