Ведомство мәліметінше, сыртқы істер министрлігіне Ресей тарапынан нота келіп түсті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Онда Ресейдің ұсталған азаматтары туралы мәлімет беруге және олардың қай жерде екенін хабарлауға өтініш білдірілген.
«Консулдық қызмет аясында мұндай өтініштермен жүгіну — қалыптасқан тәжірибе. Министрлік тиісті сауалды Қазақстанның құқық қорғау органдарына жолдайды», — делінген мәлімдемеде.
Айта кетері, 13 қазанда «Қордай» шекарасында Қазақстанға кіру кезінде танымал шетелдік әнші NAVAI ұсталған еді. Рэпер мініп келген көлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленді.
Рэпер есірткі контрабандасы ісі бойынша екі айға қамауға алынды.


