Солтүстік Қазақстанда демалатын ТОП-5 орын

Қысқы демалысты қайда өткізуге болады? Туризм және спорт министрлігі отандық және шетелдік саяхатшыларға Солтүстік Қазақстан облысындағы ең үздік 5 демалыс орнын ұсынды.

Солтүстіктің қысы қатал болғанымен, табиғаты мен демалыс орындары ерекше жайлылық сыйлайды. Назарларыңызға қысқы демалысқа таптырмас локацияларды ұсынамыз:

1. «Green Park» отбасылық парк-қонақүйі Петропавл қаласының іргесіндегі эко-стильдегі кешен.

  • Ерекшелігі: Қарағайлы орман ішіндегі жайлы коттедждер мен шалелер.

  • Ойын-сауық: Мұз айдыны, сырғанақтар, понимен серуендеу және снегоходтарды жалға алу. Ең қызығы – мұнда балалар жануарларды ұстап көре алатын контактілі зоопарк бар. Монша мен купель де қарастырылған.

  • Мекенжайы: Петропавл қ., Қожаберген жырау к-сі, 39/1.

2. «Изумрудное» демалыс базасы Шалқар көлінің жағасындағы тыныштық мекені.

  • Ерекшелігі: Нағыз қысқы атмосфера мен жапондық «офуро» бөшкесі.

  • Ойын-сауық: Кедр бөренесінен салынған монша, ойыққа шомылу, қысқы балық аулау. Балаларға арналған аниматорлық бағдарламалар, сырғанақ және шаңғы тебу мүмкіндігі бар.

  • Мекенжайы: Айыртау ауданы, Шалқар ауылынан 5,5 км.

3. «Солнечное-VIP» демалыс базасы Денсаулықты түзеп, табиғат аясында демалуды қалайтындарға арналған.

  • Ерекшелігі: Имантау көлінің жағасында орналасқан, қалың қар мен таза ауа.

  • Ойын-сауық: Емдік панты (бұғы мүйізі) ванналары мен бөшкелері, галокамера, аяққа арналған гидромассаж. Белсенді демалыс үшін шаңғы тебуге болады.

  • Мекенжайы: Айыртау ауданы, Имантау көлінің оңтүстік-батыс жағалауы.

4. «Адель» қонақүйі Қарапайым әрі жайлы демалыс іздегендер үшін.

  • Ерекшелігі: Табиғат аясындағы серуен және балық аулау.

  • Ойын-сауық: Қысқы серуен, монша, мұз ойығына (прорубь) түсу. Тюбинг, шаңғы және конькиді жалға алуға болады. Кәуәп пісіруге арналған арнайы мангал аймақтары бар.

  • Мекенжайы: Айыртау ауданы, Имантау ауылы, Көктөбе к-сі, 46.

5. «Волна» санаториялық-курорттық кешені Қалаға жақын, бірақ табиғатқа толы демалыс.

  • Ерекшелігі: Заманауи барн-хаус стиліндегі үйлер.

  • Ойын-сауық: Отбасылық демалысқа қолайлы. Сырғанақтар, шаңғы мен ватрушкаларды жалға алу. Достармен бас қосуға арналған күркелер (беседка) мен мангал аймақтары жұмыс істейді.

  • Мекенжайы: Қызылжар ауданы, Вороний аралы, 1.

Солтүстік Қазақстан – қысқы ертегіні өз көзімен көргісі келетіндер үшін тамаша таңдау.

Ұқсас ақпараттар