Қазақстан Азиада-2026 додасында Қытайға есе жіберді

Жарыста алғаш болып баскетболшылар бақ сынады. Топтық кезең матчында Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай құрамасымен ойнады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу Қытай құрамасының 99:61 есебімен жеңісімен аяқталды. Қазақстан ойындарда С тобында өнер көрсетеді. Турнирдегі екінші матчын құрама 12 қыркүйекте Филиппинге қарсы өткізеді. Баскетболшылар топтық кезеңді 14 қыркүйекте Бахрейнмен кездесумен аяқтайды.

Еліміздің намысын бұл спорт түрінен Марат Абат, Шаим Қуанов (капитан), Никита Федченко, Владимир Иванов, Рустам Мырзағалиев, Антон Быков, Константин Нефф, Роман Марчук, Даниил Севергин, Богдан Рабченюк, Станислав Сахипов және Асқар Майдекин қорғайды.

Азиада-2026-дағы баскетбол жарыстары негізгі бағдарламадан ерте басталды. XX жазғы Азия ойындарының ресми ашылуы 19 қыркүйекте Нагояда өтеді. Қазақстан боксшылары да Азиада-2026-да өнер көрсетеді.

Ұқсас ақпараттар