Ел шекарасында мыңдаған адам ұсталды

ҚР шекарасында 4 975 заң бұзушы, оның ішінде 4 346 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Шекара арқылы жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 476 фактісінің жолы кесілді.

Оның ішінде: есірткі заттары – 39 факт;

қару-жарақ, оқ-дәрі – 88 факт (108 суық қару, 2 131 оқ-дәрі);

жанар-жағармай материалдары – 150 тоннадан астам көлемде 33,4 млн теңге сомасына 1 808 факт;

халық тұтынатын тауарлар – 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 392 факт;

валюта – 2,1 млрд теңгеден астам сомаға 149 факт.

Каспий теңізінің акваториясында браконьерліктің 34 фактісінің жолы кесіліп, 24,6 км браконьерлік аулау құралдары, сондай-ақ 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 кг) тәркіленді. Келтірілген зиянның алдын алу сомасы 251 млн теңгеден астам болды. Шекара қызметінің құзыреті шегінде 63 қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, өндірісте 4 295 әкімшілік іс бар, олар бойынша 38 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. ҚР ҰҚК алаяқтық ісі бойынша 14 шетелдікті ұстады.

Ұқсас ақпараттар