БҚО прокуратурасы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
«Ауданның жер пайдаланушылары жер заңнамасының талаптарын бұза отырып, жер учаскелерін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды. Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы алаңы 6 200 гектардан асатын, кадастрлық құны 75 млн теңгеден астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды», — делінген хабарламада.
Осы шақта аталған жер учаскелері заңды экономикалық айналымға тартылуда.
«Жергілікті атқарушы органдар мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес қайтарылған жерлерді ауылдық жерде тұратын адал субъектілерге беруге бағытталған», — деп хабарлады прокуратурадан.

