ӘЧ-2026: Мбаппе ең үздік шабуылшы атанып, Мессиден асып түсті

Килиан Мбаппе әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік бомбардир атанды. Бұл туралы Франция мен Англия құрамалары арасындағы үшінші орын үшін өткен матчтан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ойын барысында Франция құрамасы шабуылшысы 66-минутта дубль жасап, әлем чемпионаттарындағы 22-голын соқты. Осылайша, ол Лионель Мессидің көрсеткішінен асып түсті. Аргентина құрамасының шабуылшысы әлем чемпионаттарында 21 гол соққан.

Қазіргі есеп – 3:4, әзірге Англия құрамасы алда. Франция – Англия арасындағы үшінші орын үшін матч 19 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталды.

Бұған дейін Франция құрамасының аңызы және мадридтік Реал Мадрид клубының бұрынғы ойыншысы Зинедин Зидан ұлттық құраманың бас бапкері болатыны хабарланған еді.

Ұқсас ақпараттар