15 жастағы қазақ футболшысы Кәрім Меңдіқан «Барселона» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұл туралы жас футболшының өзі хабарлады.
«Өмір бойы жанкүйер болып келген клубыммен келісімшарт жасағаныма өте қуаныштымын», — деп жазды Кәрім Меңдіқан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ақпаратқа қарағанда, Кәрім «Ла Масия» академиясында өнер көрсетеді. Келісімшарт 2029 жылға дейін жасалған.
Осылайша ол «Барселона» тарихындағы Қазақстаннан шыққан алғашқы қазақ ойыншы атанды.
Бұған дейін Кәрім Меңдіқан Каталониядағы «Сан-Кугат» клубының жасөспірімдер командасында ойнаған. Сондай-ақ оның Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы сапында бір ойын өткізген.
Кәрім Меңдіқан 2011 жылы 10 қарашада Орал қаласында дүниеге келген.


